Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтың есігі дәл ұшу кезінде ашылып кетуі мүмкін бе?

Кейде ұшу барысында әлдебіреулер ұшақтың есігін ашып жібере ме деп үрейленеміз. Статистикаға сәйкес, әуе арқылы саяхатқа шығу автокөлікке қарағанда қауіпсіз болса да, көптеген адамдар әлі де ұшуға жүрексінеді екен.

Егер ұшу кезінде қандай қауіпсіздік шараларының ескерілгені жайлы біліп жүрсеңіз, әуе арқылы қатынау қауіпсіз екенін түсінесіз. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әуеде ұшудан қорқатындар ұшақтың есігі ашылып кетеді деп қорықпаса да болады. Себебі ішкі қысым сыртқы атмосфералық қысымнан әлдеқайда жоғары болғандықтан, ұшақтың есігін ашу мүмкін болмайды. Ал егер есік ашылып кететіндей жағдай болса, онда ұшақтағы қысым бірден төмендейді. Сол кезде әр жолаушының алдына оттегі толтырылған маска түседі. Оны 15 секундтың ішінде киіп үлгермесе, адам ауа жетпей өліп кетеді.

Сондықтан борт серігінің айтқан нұсқауларын уақытында орындап, жылдам әрекет еткен жөн.

Алайда оттегі маскасында ауа көп болмағандықтан, онымен кеңістікте ұзақ тыныс ала алмайсың. Бұл жағдайда ұшқыштар биіктіктен 3000 метрге дейін төмен түседі. Сол кезде ғана жолаушылар арнайы масканы қолданбай-ақ еркін тыныс ала алады.

Оттегі маскасы белгілі уақытқа есептелгендіктен, ұшқыштар әуе кемесін төмен түсіріп үлгере алады.

Тағы да еске сала кетейік, қандай жағдай болмасын ұшақ есігі өздігінен ашылмайды. Себебі төтенше жағдайлар үшін орнатылған арнайы құрылғы оның ашылуына мүмкіндік бермейді.

 

Талқылау