Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам рұқсат береді: Тәуекел Мүсілім тоқал алуға қатысты пікір білдірді

Талай қызға арман болған еліміздегі ең танымал бойдақ Тәуекел Мүсілім үйленуге асықпайтынын айтты. Ол отбасын құру мәселесіне келгенде “жеті рет өлшеп, бір рет қана кесетінін” мәлімдеді. Себебі әкесіз өсудің қиыншылығын сезінген ол болашақта балаларының толыққанды отбасында тәрбиеленгенін қалайды.

Бұл туралы Тәуекел Caravan.kz-ке берген сұхбатында айтқан, деп жазады Stan.kz.

Бұдан бөлек, Тәуекел тоқал алуға қатысты пікірін білдірді.

“Тоқал алудың өзіндік шарттары бар. Ислам бойынша, бірнеше әйел алатын болсаң, оларды бір бірінен артық көрмей, бірдей көңіл бөлуің керек делінген. Яғни рухани жағынан да, материалдық жағынан да демеуің қажет. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың өзі әйелдеріне бірдей қараған.

Егер оған дайын болсаң және асырай алсаң, неге тоқал алмасқа? Біз онсыз да азбыз, бар-жоғы 17 миллион. Демографияны көтеру қажет. Бірақ екінші жағынан, мұны іспен көрсететін ерлер қазір аз.

Тағы бір атап өтетін жайт, кей ата-аналар қыздарын бай жігітке тұрмысқа шығуға, тоқал болуға алдын ала дайындайды екен. Бұл дегеніңіз сұмдық қой.

Мысалыға, бір бойжеткен жас, қалталы бірақ отбасылы азаматтың назарын аудару үшін бәрін жасайды делік. Ақырында ол азамат сұлу қызға ғашық болып, өз отбасын тастап кетеді. Неге? Себебі оның алғашқы әйелі “бәйбіше” атануға келіспейді. Сондықтан да біздің елде бейресми тоқалдар көп.  Заң бойынша, дәстүрді сақтап тоқал алатын болса, бір жөн, ал кей жағдайда ер адам сыртта жүріс жасап, оны отбасынан жасырады. Бұл дұрыс емес”, – деп түсіндірді Тәуекел.

“Ал өзіңіз тоқал алар ма едіңіз?” деген сауалға актер:

“Мен алдымен бір рет үйленіп алайыншы. Кейін әйеліммен келіскеніме қарай көреміз. Бірақ жүрегімді жаулап алар сол бір аруды тапсам, басқаны керек етпеспін деп ойлаймын. Дегенмен, өмірде бәрі мүмкін”, – деп жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Үйленгенін жасырған Ернар Айдар енді неке жүзігін тағудан бас тартты

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін

 

Талқылау