Ислам Каримовтың қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 17:09

Бұдан бұрын Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Президенттің миына қан құйылған.

detail_2660187991529a25448e01a44c2c036a

Бұл туралы президенттің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Өсек-аяңның алдын алу үшін өткен демалыста отбасымызда болған қайғылы жағдай туралы өзім хабарлауды жөн көріп отырмын. Сенбі күні таңертең әкем Ислам Каримовтың миына қан құйылғандықтан, ол ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер әзірге нақты ештеңе айта алмай отыр. Халықтан түрлі әңгімелерге жол бермей, отбасымызға құрметпен қарауын өтініп сұраймын», – деді Лола Каримова-Тилляева.

Лола Исламқызы Каримова-Тилляева 1978 жылдың 3 шілдесінде Ташкентте дүниеге келген. Дереккөздерге сүйенсек, Лола Каримова Өзбекстан респбуликасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі. Кәсіпкер Тимур Тилляевпен некеде тұратын Каримованың екі қыз, бір ұлы бар.

Айта кетейік, Өзбекстан үкіметі президент Ислам Каримовтың ауруханада жатқанын ресми түрде мәлімдеген еді.

14102716_1110850725668540_6336717941509577788_n

10712559_828914263862189_6955130848949643899_o

Жіберіп алмаңыз:

Ислам Каримов гейлерді батыс мәдениетінің ең жексұрын құбылысы деп атады

Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған

Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлерге сиырдың тезегін тергізіп қойды

Алматыда бір топ оралман Өзбекстан азаматтығынан шыға алмай жылап жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар