Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлерге сиырдың тезегін тергізіп қойды

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 9:11

Сиыр жапасы диқаншылардың жерін тыңайтуға пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар үкіметтің бұл шешіміне наразы болып отыр.

Ганзейские-молочные-коровы

Сурет: www.groni.ru 

Тұрғындар газ бен электр қуатының тапшылығынан, сиыр жапасын тамызық етуге мәжбүр. Дереккөздің хабарлауынша, махалла күзетшілерін ертіп алған ақ халатты дәрігерлер мен медбикелер әрбір отбасыдан екі қап сиыр тезегін шығарып беруін сұрап жүр.

«Біздің ауылда мал ұстау оңай емес. Қой мен сиырды аулада ұстаймыз, өйткені бізде жайылым жоқ. Оларды кепкен шөппен, сабанмен жемдейміз. Төптің бір литрін шарап зауытынан 70 сомға сатып аламыз. Екі қап сиыр тезегінен 200 кезек шығады. Газ бен жарық жоқ ауылда ол 10 күнге жетеді. Тезек жинауды СЭС қызметкерлеріне тапсырғаны тіпті күлкілі. Сұр қалат киген дәрігерлердің тезек сұрап жүргені өте аянышты көрінеді. Бүкіл махалла күліп жүр», – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

«Екі дәрігер немесе медбикеге бір махалла күзетшісін қосып беріпті. Адамдар тезек толы қаптарды ауласынан шығарып берсе, диқаншылар оны тракторларымен тасып әкетіп жатты», – деді махалла белсендісі.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда сиыр етін тасымалдаушыларды малдың тезегі мен зәрін ішкізіп жазалады

Жеңіл көлікте сиырмен бірге видеоға түскен жігіт жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Үндістанда ағалары өлтірмек болған қызды сиыр құтқарып қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар