Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Каримов гейлерді батыс мәдениетінің ең жексұрын құбылысы деп атады

Өзбекстан президенті Ислам Каримов бір жынысты қатыснасты батыс мәдениетінің ең сорақы құбылысы екенін айтты.

Islam-Karimof

Бұл туралы ол Ташкент облысының халық депутаттары Кеңесінің сессиясында мәлімдеді.

«Егер ерекек пен еркек немесе әйел мен әйел бірге тұратын босла, онда оларда бірнәрсе дұрыс емес, не қандай да бір өзгеріс болған деп ойлаймын», – дейді Каримов.

Мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдарда ғаламторда Өзбекстанның бір жынысты жұптары түскен бейнежазбалар көптеп жарияланған. Өткен жылдың 23 қарашасында гомосексуалды деген айыппен 20 жастағы Мухаммадризо Эргашев есімді мекеп мұғалімі ұсталған. Мұғалім туыстарының айтуынша, қарулы күштер барлық отбасы мүшелерін қорқыта отырып, оның тұтқындалғанын ешкімге тіс жармау керектігін айтқан.

Өзбекстанда біржыныстылардың бірге болуы қылмыс саналады. Елдің қылмыстық кодексінің 120 бабына сәйкес, гомосексуалистер 1 жылдан 3 жылға дейін немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Талқылау