Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone 7 күтпеген жерден иесінің қолында жарылып кетті (фото)

Қытайда су жаңа сатып алынған iPhone 7 тура иесінің көз алдында жарылып кетті.

579fb588ca5193a693d2de08b2d6116a

Бұл туралы Gizmochina хабарлайды.

Қытай тұрғынының айтуынша, ол смартфонды қолында ұстап тұрған кезде жарылған. Нәтижесінде оның бірнеше саусағы күйіп, әйнек сынықтары бетін жарақаттаған.

e25a81b3cfc5744bb9208ab138351e64

Қытайлық бұл жағдайдан соң бірден Apple компаниясына шағым түсірген. Олар мәселені штаб-пәтердегі мамандарға тапсырыпты. Қытайлық болса бұл жағдай үшін компаниядан өтемақы талап етуде.

59becb16146dadfe458f1aeb80b7222b

Аталмыш соңғы үлгідегі смартфонның бұл бірінші рет жарылуы емес. Осыған дейін желі қолданушыларының бірі iPhone 7 Plus қорапшада тұрып жарылып кеткенін айтып еді. Сондай-ақ, көптеген сатып алушылар бұл телефонның процессорынан түсініксіз дыбыстың шығатынын да айтқан болатын.

Оқи отырыңыз:

Әлемде әр 7 секунд сайын жасы 15-ке жетпеген қыздар тұрмысқа шығады

Үндістанда дәрігер басы қисайып қалған балаға ерекше операция жасады

11 айлық баласын жаңғақпен ғана тамақтандырған америкалық сот алдына келді

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Талқылау