Үндістанда дәрігер басы қисайып қалған балаға ерекше операция жасады

Сейсенбі, 11 Қазан , 2016 14:09

Сирек кездесетін бұлшық ет патологиясына шалдыққан үнді оқушысы 13 жылын иығына жатып қалған баспен өткізген. Ал операциядан соң ол басқа адамдар секілді басын тіктеп қарай алатын жағдайға жетті.

Wx600_728189

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Махендра осы уақытқа дейін өз бетімен қозғалып, ас іше алмаған. Енді ол басқа балалармен бірге мектепке де бара алады.

Махендра Ахирвардың туған кезде мойыны мен басы қалыпты жағдайда болған. Бірақ, өсе келе бұлшық еттері әлсізденіп, мойыны шөге бастайды. Ата-анасы ұзақ жылдар оны емдетуге тырысып, бірақ еш нәтиже шықпаған. Анасы тіпті ұлының бұдан әрі қинала бермей, өліп қалғанын да қалапты.

“Бұл өмір емес. Мен оған кішкентай бала секілді күтім жасайтынмын. Бірақ, оның жасы өскен кезде мен оны қалай көтеремін. Егер дәрігерлер оны емдей алмайтын болса, онда Құдайдың өзі оны қабылдасын”, – деген еді Сумитра Ахирвар операция алдында.

Операцияға дейін Махендра күні бойы бөлменің бұрышында отырған. Анасы оны тамақтандырып, жуындырып, киіндірген. Кіші ағасы мен әпкесі мектепке барып, үлкен ағасы жұмыс табуға әрекеттенген. Оның достары да қасына жоламай, Махендра жалғыз қалған.

indiya_vertik_krivoj

Махендраның өмірі британиялық Джулия Джонстың арқасында керемет болып өзгерді. Ол үндістандық баланың өмірі туралы газеттен оқыпты. “Мен оның суретіне қарадым…Бұл сондай қайғылы картина. Мен егер өзімнің ұлым осындай жағдайда болса не істер едім деп ойландым”, – дейді ол.

indiya_goriz_posle_oper_s_zhenschi

Джулия осыдан соң Махендраға арналған сайт ашып, операция үшін 12 мың фунт жинаған. Хирург Раджагопалан Кришнан мұндай операцияларды жасап әбден машықтанған тәжірибелі маман. Махендраның жағдайымен танысып шыққан ол өзінің қызметін ұсынған. Ақпан айында балаға операция жасалған.

indinya_vertik_rovn_vrach

Кришнан баланың мойынындағы омыртқа аралық дисктерді алып тастап, оларды жамбас сүйектерімен алмастырған. Сосын мойынды дұрыс жағдайда ұстап тұратын металликалық пластина орналастырыпты. Сол уақыттан бері жеті ай уақыт өтіп, баланың өмірі түбегейлі өзгерді. Ол қазір жазып үйреніп жүр, тіпті мектепке де бара бастаған.

indiya_vertik_rovnyij

“Бұл ғажайып! Ол өте ғажап көрінеді. Оның мойыны түзеліп, өмірі де өзгерді. Бұрын ол өзі үшін қатты ұялса, қазір адамдармен араласа алады. Ол қазір өте бақытты. Бұрын оның мектепке баруы туралы мүлде ойламайтынбыз, ал біз қазір оның білім алуына жағдай жасау керекпіз”, – дейді әкесі.

Дәрігер Кришнан Махендраның жағдайын әлі бақылауда.

“Оның денсаулығындағы алға басушылыққа қуанамын. Оның жылдам қалыпқа келе жатқаны таңқалдырады. Оған тағы бір операция жасалуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да Махендра өзін жайлы сезініп, ұзақ өмір сүреді деп ойлаймын”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда 13 жастағы қыз 68 күн ораза ұстап қайтыс болды

11 айлық баласын жаңғақпен ғана тамақтандырған америкалық сот алдына келді

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар