Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде әр 7 секунд сайын жасы 15-ке жетпеген қыздар тұрмысқа шығады

Әлемде әр 7 секунд сайын жасы 15 жастан кіші қыздар тұрмысқа шығады екен. Мұны ғалымдар арнайы зерттеу жұмысы барысында жариялап отыр.

_91758573_gettyimages-56978885

Фото: BBC.com

Бұл туралы BBC хабарлайды.

Save the Children ұйымының зерттеуіне қарағанда әсіресе Ауғанстан, Йемен, Сомали елдерінде қыздарды мәжбүрлеп ерте күйеуге береді екен. Осылайша ерте жасалған неке кесірінен қыздар білім алып, мектепке бара алмайды.

Еркіндікке ұмтылып, білім алмақшы болған қыздар зорлықтың, түрлі ерсі әрекеттердің құрбанына айналады екен. Осының кесірінен олар ерте жүкті болып, түрлі аурулар жұқтырады.

Деректер бойынша, мұндай ерте неке жағдайы көбінесе кедей елдерде орын алады. Көп ретте ата-аналар қыздарын кедейліктен құтқару үшін осылай ерте күйеуге беруге мәжбүр. Ол елдер қазіргі таңда соғыс қақтығыс қимылдарынан зардап шегіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда дәрігер басы қисайып қалған балаға ерекше операция жасады

11 айлық баласын жаңғақпен ғана тамақтандырған америкалық сот алдына келді

Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)

Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді

Талқылау