Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезиялық екі бүлдіршін алып жыланның үстіне мініп, ойнаған (видео)

Индонезияда екі кішкентай қыз алып жыланның үстіне атқа отырғандай мініп алып, ойнаған.

Индонезиялық екі бүлдіршін алып жыланның үстіне отырып, атқа құсап мінген

Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Торлы алып жылан әлемдегі ең ұзын және ең мықты жыландардың бірі болып саналады. Ал индонезиялық екі бүлдіршін осындай алып, ұзын жыланның үстінде отырып алып, мәз-мейрам салып жүр.

Индонезияда түсірген видеодан кішкентай қыздың жандарынан жорғалап өткен алып жыланның үстіне отырып алғанын көруге болады. Ал екінші қызға жыланмен серуендеу ұнамағандықтан ба, әлде қорықты ма ол оның үстінен жылдам түсіп кетті.

Daily Mirror-дың мәліметіне сүййенсек, бұл видео Facebook-та үш миллионға жуық көрермен жинаған. Сондай-ақ, желі қолданушылардың басым бөлігі жыланмен ойнаған бүлдіршіндердің ата-аналарына сын айтып, қауіпті ойынның салдарын түсіндірген.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен қара нәсілді жігітпен кездескені үшін, белгісіз біреу бетіне қышқыл шашып жіберген (фото)

Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына жүлделі болуға көмектесті

Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды (видео)

20 жастағы жігіттердің өзі бұрылып қарайды: Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста (фото)

Талқылау