Бойжеткен қара нәсілді жігітпен кездескені үшін, белгісіз біреу бетіне қышқыл шашып жіберген (фото)

АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында тұратын 18 жастағы Альма Понсе анасымен және бауырымен үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз біреу олардың үйінің сыртындағы жарық шамын алып тастаған. Олар үйге келіп, анасы есік ашпақ болғанда, белгісіз ер адам қыздың бетіне қышқыл шашып жіберген.

Бойжеткен қара нәсілді жігітпен кездесіп жүргені үшін, белгісіз біреу бетіне қышқыл шашып жіберген (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Альма ауырсыну сезімін басып, беті қатты күйіп қалмас үшін, бірден балаларға арналған бассейнге жүгірген. Алайда бұл оған көмектесе алмапты.

«Мен не істерімді білмедім. Сол сәтте бірнеше секундтың өзі ұзақ көрінді. Тек бетім мен мойнымның күйіп, ашығанын сездім. Қышқыл көзіме де шашырап кеткендіктен, ештеңе көре алмадым. Терім еріп жатқан сияқты болды», – дейді Альма Понсе.

Бойжеткен қара нәсілді жігітпен кездесіп жүргені үшін, белгісіз біреу бетіне қышқыл шашып жіберген (фото)

Полиция нұсқасы бойынша, белгісіз ер адамның бойжеткенге қышқыл шашып жіберуіне оның бұрын афроамерикандық жігітпен кездескені себеп болған. Ер адамның өзі үйдің қабырғасына осы сыңайдағы кемсіту сөздерін жазып қалдырыпты.

Зардап шеккен бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Оның беті, мойны мен кеудесі екінші дәрежедегі күйік жарақатын алған. Бойжеткеннің денесіндегі терісін қалпына келтіру үшін, дәрігерлер оған бірнеше ота жасады.

Бойжеткен қара нәсілді жігітпен кездесіп жүргені үшін, белгісіз біреу бетіне қышқыл шашып жіберген (фото)

Тәртіп сақшылары Альмаға шабуыл жасаған ер адамды таба алмаған. Сондықтан бойжеткен оның қайта шабуылдауынан қорқып өмір сүруде.

«Мен бұл шабуыл туралы күнде ойлаймын және өмір бойы ойлап өтемін. Күн сайын таңертең сол күні болған оқиға түс болса екен деген үмітпен оянамын. Алайда бетімдегі, денемдегі тыртықтарды айнадан қайтадан көремін. Қатты қорқып қалдым. Ол мені бұрышта күтіп тұрғандай болып көрінеді», – дейді Альма Понсе.

Оқи отырыңыз:

Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына жүлделі болуға көмектесті

Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды (видео)

20 жастағы жігіттердің өзі бұрылып қарайды: Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста (фото)

Құдайдың көмегі: Австралиялық азамат аптасына екі рет лотереядан жүлделі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар