Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды (видео)

Сачин Пол есімді Үндістан тұрғыны Мумбай вокзалында пойыз сүйреп кете жаздаған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.

Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды

Бұл туралы Metro басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Видеожабадан бес жасар қызын қолына жетектеп пойыз вагонына кірмекші болған үнді әйелін көруге болады. Әйел өзі пойызға секіріп кіріп үлгергенімен, баласы қолын босатып жіберіп, пойыз астына түсіп кетеді. Абырой болғанда, бүлдіршінді сол жердегі орындықта отырған әскери қызметкер құтқарып қалды.

Пойыз астынан құтқарылған қыз бен ер адам бірнеше жерінен жарақат алып, денелерін көгертіп алған екен. Оларға вокзалда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бүлдіршіннің әкесі Мохаммед әйелінің Мумбайға алғаш келгенін және оның «пойыздардың қаншалықты жылдам жүретінінен» хабары жоқ, екенін түсіндірді. Ол қызының өмірін құтқарып қалған азаматқа үнемі разы болып өтемін, деп алғыс білдірді.

Тағы оқыңыз: 

20 жастағы жігіттердің өзі бұрылып қарайды: Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста (фото)

Құдайдың көмегі: Австралиялық азамат аптасына екі рет лотереядан жүлделі болды

Ғалымдар: Адам жас денеде 130 жасқа дейін өмір сүре алады

Тоғыз жасар блогер кедейлердің өміріне күлемін деп, анасын жұмысынан айырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар