Индонезияда үш жыл сайын мәйітті қабірден шығарып алып киіндіретін рәсім әлемді таң қалдырды

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 0:22

Индонезияның Сулавеси аралында сан-алуан дәстүрімен ерекшеленетін тораджи халқы тұрады. Олар әрбір 3 жыл сайын бұрын қайтыс болған туыстарының денесін қабірден шығарып алып, Манене рәсімін өткізеді. Манене кезінде туысқан адамдарының мәйітін кептіріп, тазартып, оған жаңа киімдер кигізеді.

1

Бұл туралы STAN.KZ  bigpicture.ru-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2

«Манене» сөзі «Өлі денені тазарту» деген мағынаны білдіреді. Яғни, өлген денені эксгумирациялап, оған әдемі киімдер кигізеді. Бұл рәсім тірі адамдар әлемі мен өлген адам рухымен байланыста болады деген сенімнен пайда болған.

3

Манене фестиваліндегі әдемі киім кигізген Нек Тосайдың денесі (сол жағында). Ари Титус есімді жігіт өзінің бала кезінде қайтыс болған Джефри атты ағасының денесін ұстап тұр.

4

Жерлеу рәсімі – адам өмірінің ең маңызды сапары.Тораджи халқы өмір бойы тапқан ақшасын, адамды жерлеу рәсіміне жұмсап келеді.

5

Манене кезінде туысқан үш адамның мәйітін кептіріп, тазартып, сосын оған жаңа киімдер кигізеді.

6

Рәсім басталмас бұрын тораджилар буйволдың не бұқаның мүйізін туыстарының үйінің айналасына көміп тастайды. Мүйіз неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым марқұмның беделі арта түседі.

7

Пангала ауылында тұратын тиранда отбасылары Манене рәсімінде қайтыс болған туыстарына көзілдірік кигізеді.

8

Рәсім соңында денені тас үңгірге қояды. Олардың сенімі бойынша осы сәттен бастап, өлген адам рухы өз әлемінде өзгеше күйге бөленеді. Табыт оң жақта тұрған қабірлерде сақталады және әр рәсім сайын соннан шығарылып алынады.

9

Олар өлген адамдарды ауырып қалған не ұйқыда деп есептейді. Өйткені, олардың сенімі бойынша адамдар соңына дейін тірі болады.

10

Тораджилер мәйіттерді олардың тірі кезінде көп мекен еткен жерінде сақтайды. Сол арқылы отбасы тату-тәтті, бейбіт өмір сүреді деп сенеді.

11

Индонезия, Сулавеси аралында тораджи ерлері сесемба рәсімін ұйымдастырады. Мәйітті көмген соң оны қайта шығарып жерлеу рәсімін өткізгенге дейін арада біраз уақыт өтеді. Сондықтан олардың жерлеуді ұйымдастыруға уақыттары жеткілікті.

12

Фотографқа Понг Румасек есімді жігіттің тауда аң аулап жүріп өлген адамның денесін кездестіргені жайлы айтып берген. Ол өзінің үстіндегі киімдерін сол мәйітке кигізіп, ерекше құрмет көрсетіп көміп тастайды. Сол үшін оған жақсылықтар болады деп сенеді.

13

Тораджилер Манене фестивалінен бұрын дәстүрлі түрде қабандарды бамбук таяқшаларына қойып дайындап алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар