Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ауруханаға бомба қойылды” деген ақпаратты 23 жастағы малшы хабарлаған

Алматыдағы №7 қалалық ауруханадан 1,7 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Жарылғыш зат жайлы хабарлама жалған болып шыққан. Полиция «телефон террорисін» анықтап үлгерген.

больница

«Ауруханаға хабарласқан 23 жастағы Алматы облысында тұратын малшы хабарлаған. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу абақтысына жабылды»,- деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөх хатшысы.

Жұма күні ертеңгісін белгісіз азамат аурухананың жедел қоңырау қабылдау қызметіне хабарласып «жарылғыш заттың» қойылғанын айтқан. Аурухана қызметкерлері мен емделушілер бірден қауіпсіз аймаққа көшіріле бастаған. Олардың ішінде ота жасатқан азаматтар да болған.

«№7 қалалық аурухананың айналасын барлық күштік құрылым қызметкерлері тексеріп шықты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасына ТЖД қызметкерлері, Наурызбай аудандық полиция бөлімі, қалалық ІІД, «Арлан» арнайы жасағы саперлық иттермен,ҰҚК қызметкерлері қатысқан»,- деп жазылған қалалық ІІД баспасөз хатында.

Полиция екі сағаттың ішінде аурухана маңын,ғимарат ішін толықтай тексеріп шыққан. Қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің 1100 аурухана қызметкерлері болса, 600 емделуші болған.

ҚР ҚК-де  бұл бұзақылық үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Талқылау