Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді.

16583635_678677715638079_3616289959889076224_n

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

«1-орынды Тань Цзин, 2-орынды – Линь Илянь, 3-орынды – Чжан Цзе, 4-орынды – Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары – авт.), 5-орынды – Димаш, 6-орынды – «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», – деп хабарлайды Hunan.TV фан-клубы Weibo әлеуметтік желісінде. 4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр.

Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын – бос тұр. Бұл, жағдайды өзгертпейді, Димаш «Singer»-дің келесі – 6-кезеңіне өтеді.  Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді.

Еске сала кетейік, Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан «Singer» байқауының 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын.  Конкурстың 5-кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)

Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды

Талқылау