Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова өз өмірі туралы кітап жазбақ

Әріптестері кино түсіріп жарысқа түсіп жатқанда, Гүлнұр Оразымбетова өмірінде болған оқиғаларды өзге тәсілмен елге баяндамақ. Ол балалық шағынан бастап осы уақытқа дейін көрген-білгенін кітап етіп шығаруды ойлап жүр.

Гүлнұр Оразымбетова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әр адамның өз уақыты келеді. Кино түсірсем қалай болады деген ой келеді. Ал менің жоспарымда әзірге кино түсіру жоқ. Кино емес, клип түсіремін. Айтсам ба екен, айтпасам ба екен?! Мүмкін кітап жазармын деген ойым бар. Менің өмірім, бала кезімнен бастап осы уақытқа дейін жүріп өткен жолым басқа адамдарға қаншалықты қызық болатынын білмеймін. Ең бастысы, ішімде жатқан бүкіл дүниені жазғым келеді. Үйде түртіп қойған дүниелер көп. Соның бәрінің басын құрап, өзімнің өмірімнің әдемі де, көмескі парақтарын бір жерге жинасам деген ойым бар”, – дейді Оразымбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Жанболат пен Жазира әлдекімдердің өздері туралы фильм түсіргісі келетінін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау