Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузия миллиардері жаңа саябаққа ғасырлық тарихы бар ағаштарды бірден көшірмекші (видео)

Грузияда теңіз жағасындағы Цихисдзири ауылынан ірі лириодендрон тюльпанын тасымалдауға қатысты дау күшейді.

цпкер

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Қоғамдық қызмет өкілдері ғасырлық тарихы бар 650 тонна болатын ағашты грузин миллиардерінің және бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвилидің саябағы үшін қопарып әкеткен.

Бизнесменнің Уреки ауылында жаңа дендрологиялық саябақ салынып жатқаны белгілі болды. Осы ретте Иванишвили жаңа ағаштардың өсіп шығуын күтпестен дайынын пайдаланбақшы болған.

Грузин БАҚ өкілдерінің хабарлауынша ағашты кемеге тиеу әрекеті екі күннен бері орындалар емес. Шекветилиге елдің әр аймағынан техникалар әкелінген. Мамандар кемені барынша құрлыққа жақындатуға әрекеттенгенімен, бұл істерінен ештеңе өнбеген.

Жергілікті билік пен мердігер компания барлық жұмыстар заң аясында жүзеге асып жатқанын айтыпты. Екі ғасырлық сауырағаш пен тюльпан ағашы жаңа иесі үшін 6200 лариге түскен (2700 доллар)

Талқылау