Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грант иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды

2017 жылғы оқу грант иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды.

20170814023208

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” газеті хабарлады. Жаңа тізіммен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыз.

Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты.

Айта кетейік, 10 тамыз күні тегін оқуға жолдама алғандардың тізімі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жария етілді. Алайда талапкерлер мен ата-аналар арасында оның нәтижесіне наразылық танытқандар көп болды. Әсіресе, жоғары балл иелері “бізден төмен алғандар оқуға түсті” деп шуласты. Олардың ең белсенділері білім министрлігіне басып кірмек болған еді. Бұдан кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев грант иегерлерінің тізімі қайта қаралатынын мәлімдеген еді.

Жіберіп алмаңыз:

ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Қазақстан шекарасына басып кірмек болған 15 адамға әскерилер оқ жаудырды

Шымкенттік келін енесінен кек алу үшін өз үйін тонап, полицияға ұрылардан зәбір көргенін айтқан

Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)

Талқылау