Головкин Сондерспен кездесуден неге бас тартты?

Жексенбі, 16 Сәуір , 2017 14:54

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 19 наурызда америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жектен кейін өзінің келесі кездесуін жекпе-жегін жазда Астанада өткізетінін мәлімдеген еді.

1492323503_article_b

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” газетінде жазылды.

«Келесі жекпе-жегім 17-маусымда өтіп қалуы мүмкін. Сол күні Сауль Алвареспен жекпе-жек өткізгім келеді. Мүмкін, менің келесі қарсыласым Сондерс болып қалар. Кез келген ұсынысты қабылдауға дайынмын». Өз кезегінде Билли Джо Сондерс те Головкинмен қай жерде болмасы жұдырықтасқысы келетінін, тіпті Қазақстанға да келуге дайын екенін мәлімдеді.

– Кез келген жерге баруға дайынмын. Жекпе-жектің Қазақстанда өтетініне байланысты уайымым жоқ. Ашық алаңда да жұдырықтаса беремін. Егер Головкинге WBO белбеуі қажет болса, мен оны бәске қоюға дайынмын. Расында Головкин мықты, алайда ол мен сияқты боксшымен әлі кездесіп көрген емес. Тіпті, мен бабымда болған кезде менің деңгейіме жетпейтін Джейкобстың өзі оған қарсы төтеп бере алды, – деді Сондерс. Екеуінің осы пікірлерінен кейін бокс жанкүйерлері 17-маусым күні Астанада Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтетініне сене бастаған еді.

Алайда, күні кеше шетелдік және еліміздің БАҚ өкілдері Геннадий Головкин британ боксшысы Билли Джо Сондерспен ЕХРО аясында Астанада өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаны хабарланды.

Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтпеуінің 2 себебі

Бокс сарапшыларының айтуынша, Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтпеуінің 2 себебі бар. Бірінші себеп, Геннадийдің Джейкобспен кездесуде жарақат алып қалуы. GGG бапкері Абель Санчес шәкіртінің жарақаты бар екенін айтқанымен, Головкиннің командасы әлі нақты бір мәлімдеме жасамады. Геннадийдің жарақаты туралы сөзіміз жалаң болып қалмас үшін, осы жерде Абель Санчестің пікірін келтіре кетейік: «Головкин Джейкобспен өткізген кездесуден кейін шамалы мазасы болмай тұрды. Әдетте жарақат жекпе-жектен екі не үш күн өткеннен кейін байқала бастайды. Біз Головкинмен бірге ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан, жарақаты ауыр болса, ол маған айтар еді. Алайда, Головкин шағым айтатын боксшылардың қатарынан емес.

Бұл жекпе-жектен кейін болатын кішігірім жарақаттар. Себебі, жекпе-жек қиын болды» дейді Санчес. Осы пікірде бір шикілік бар екенін аңғаруға болады. Өйткені, Абель жекпе-жектен кейін Головкиннің мазасы болмады десе, екінші сөзінде жарақаттар 2-3 күннен кейін шығатын еді дейді. Жекпе-жектен соң Геннадийдің мазасы болмай тұрса, белгілі бір деңгейде жарақаты бар деген сөз. Ауыр жекпе-жектен кейін жарақат болатыны да рас. Демек, Сондерспен кездесу жарақат себебімен бас тартып отыр және ол жекпе-жекке Головкин дайын емес. Сөзіміз жалған болмас үшін, мынадай мысал келтіре кетейік. Головкиннің жарақаты жеңіл дегеннің өзінде, оны толық емдеуге шамамен 1 айға жуық уақыт кетеді деп есептейік. Әрине, біз Геннадийдің жарақаты бар екенін, оның қаншалық ауыр екенін анық айта алмаймыз. Бұл тек жорамал. Сонымен қатар, мұндай ауыр кездесуден кейін боксшы қалпына келу үшін кем дегенде 2-3 апта қажет. Ал, келесі жекпе-жекке дейін бабына ену үшін спортшыға 8-10 апталық жаттығу жұмысы қажет болады. Енді есептеңіз, Головкин-Сондерс жекпе-жегі 17-маусымға жоспарланған. Геннадийге емделу мен қалпына келу үшін бір жарым ай қажет болса, бабына ену үшін 2 – 2,5 ай жаттығу керек. Сөйтіп, жекпе-жекке толық дайын болу үшін 4 айдан көп уақыт керек болады. Ал, Головкин-Сондерс жекпе-жегіне 3 айдан сәл асатын уақыт бар еді. Осының бәрін назарда ұстаған Геннадийдің командасы Сондерске қарсы өтетін жекпе-жектен мәдениетті түрде бас тартқан болуы мүмкін.

Екінші себеп

Геннадий Головкиннің британидық боксшыға қарсы кездесу өткізуден бас тартуының екінші себебі  күзге жоспарланған Головкин-Альварес жекпе-жегі. Әлем жанкүйерлері екі боксшы арасындағы жұдырықтасуды 2 жылдан бері тағатсыздана күтіп жүр. Және бұл кездесудің өтуі биыл шырқау шегіне жетті және екі тарап та үлкен сомадағы қаржыға кенелмек. Егер бұл жекпе-жек биыл ұйымдастырылмаса, Головкин Сондерспен шығып, орта салмақтағы барлық белбеуді иеленсе, Головкин-Альварес жекпе-жегінің маңызды болмай қалуы мүмкін. Әрине, WBO белбеуі үшін Джо Сондерс сияқты ұстатпайтын боксшымен жұдырықтасу Головкин үшін тиімдірек. Бірақ, мексикалық боксшының промоутері Головкинмен жекпе-жектің құны қазір ең жоғарғы деңгейге жеткенін біліп, Оскар Де Ла Хоя бұл кездесуді биылдан қалмай ұйымдастырғысы келеді.

Кәсіпқой бокс бизнес болған соң екі тарап та қомақты қаржыдан қағылып қалғысы келмейді. Том Лефллер де Головкиннің Сондерске қарсы өткізетін жекпе-жекте жарақат алып қалуынан емес, қыркүйектегі жекпе-жектің өтпей қалуы қаупінен британдық боксшымен кездесу өткізуден бас тартқан болуы мүмкін.

Түйін

Жалпы, Головкин командасының Сондерске қарсы жекпе-жек өткізуден  бас тартуы Головкин-Альварес кездесуін ұйымдастыруға мүдделі екенін аңғартады. Сондай-ақ, бүгін Сауль «Канело» Альварес 6 мамыр күні отандасы Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жектен кейін орта салмаққа, яғни Геннадий Головкиннің салмағына ауысатынын хабарлады. Демек, Головкин-Альварес кездесуінің ұйымдастырылуы 80 пайызға белгілі болған сияқты.  Дегенмен, біздікі тек болжам, ал нақты ресми хабарламаны алдағы уақытта екі боксшының ресми өкілдері жариялауы тиіс.

Әли Битөре, журналист


Жіберіп алмаңыз:

Зарина Диас Қытайдағы турнирде жеңіске жетіп, 25 мың доллар алды

Чемпиондар Лигасы матчының алдында жарылыс болып футболшы жарақат алды

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар