Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді
Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі өзінің бесінші жекпе-жегін ресейлік Виктория Котоваға қарсы өткізді.

Кәсіпқой бокс дебютанты Котовамен айқас көпке созылмады, Шәріпова оны бірінші раундтың алғашқы минутында нокаутқа жіберді.
Осылайша, қазақстандық спортшының еншісінде: кәсіпқой рингтегі 5 кездесу, оның төртеуі – жеңіспен, біреуі жеңіліспен аяқталды.
Айта кетейік, Фируза Шәріпова кәсіпқой бокспен айналысып жүрген қазақстандық тұңғыш қыз. Ол WBC әлем чемпионы белбеуі үшін айқасын шілде айында Астанада өткізуі мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Бапкері Головкиннің жарақаты туралы айтып берді
Футбол клубы намазға байланысты жұма күніне матч қоймауды талап етті
Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"