Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бапкері Головкиннің жарақаты туралы айтып берді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес британдық Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уореннің жуырда айтқан сөздеріне пікір білдірді.

20170408025920

Уоррен «Головкиннің промоутері оның жарақаттанып қалғанын айтты» деп хабарлайды Sports.kz.

«Билли айқасқа бұрынғыдай дайын, барлық құжаттар үстел үстінде жатыр, біз олардың қол қоюын күтіп жүрміз. Бірақ бізге Головкиннің жарақаттанып қалғаны айтылды. Бізге енді күтуге тура келеді. Билли бұл жекпе-жектің болғанын қалайды, біз қолдан келгеннің барлығын жасадық», – деді Уоррен.

«Фрэнк не туралы айтып отырғанын білмеймін. Жарақат деп айтуға тұрарлық ештеңе болмады, кез келген боксшы айқасқа қандай да бір болмашы проблемалармен келеді. Олар жекпе-жекке еш уақытта 100 пайыз дайындықпен келмейді. 12-раундық осындай аса ауыр жекпе-жектен кейін Головкинде де, Джейкобста да қандай да бір ауырсынулар болатынына сенімдімін. Бірақ мен қазіргі жағдайда оның (Уорреннің – ред.) не туралы айтып тұрғанын түсіне алар емеспін. Мен бұған қатысты мүлдем уайымдамаймын: Головкиннің айқастан кейінгі Ньй-Йорктегі фотоларын өздеріңіз көрдіңіздер ғой», – деп атап өтті Санчес.

Жіберіп алмаңыз:

Астана әкімдігі Головкиннің жекпе-жегі елордада өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Головкинді жеңе алатын тағы бір боксшының есімі аталды

Талқылау