Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Геннадий Головкин ауыр жарақат алып қалды

БАҚ-та Головкиннің ауыр жарақат алып қалғаны хабарлануда.

b476588432fd608322ef8cd6e06a741354e8b6d08b070573604168

Бұл туралы WBO чемпионы, орта салмақтағы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен мәлімдеді.

Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы командасымен келіссөздер аяқталмай жатыр. Промоутері Головкиннің ауыр жарақат алып қалғанын айтты. Біз өз тарапымыздан айқастың болуы үшін бар жағдайды жасадық», – дейді Сондерстің промоутері.

Америкалық журналист Ден Амброзе Головкин жақында Дэниэла Джейкобспен өткен жекпе-жегінен соң жарақат алған болуы мүмкін деп жазды.

Ал, жанкүйерлердің көпшілігі спортшының жарақат алғанына сенбейді. Мұны тағы бір тактикалық әдіс деп есептейді. Олар GGG командасы нақты айқас өткізетін уақытты шешу үстінде деп топшылайды.

Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.

Жіберіп алмаңыз:

Астана әкімдігі Головкиннің жекпе-жегі елордада өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Головкинді жеңе алатын тағы бір боксшының есімі аталды

Талқылау