Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин 35 жасқа толған туған күнін Лос-Анджелесте атап өтуде (фото)

WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша əлем чемпионы Геннадий Головкин 35 жасқа толды.

99

Бүгін Геннадий Головкин 35 жасқа толды. Спортшы туған күніне орай бапкері Абель Санчесті Лос-Анджелесте түскі асқа шақырды.

photo_146072

 

Қазақстанның бокс фдерациясы мен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады.

“Сен ең танымал боксшы атандың. Қайсарлықтың үлгісі болдың. Әлемдегі мыңдаған жанкүйерің қолдап, өзіңнен сенімділік, еңбекке құштарық секілді қасиеттеріңді үйренуде. Сенің әр жеңісің – Қазақстан спортының мақтанышы. Барлық кезде бірінші бол! Деніңе саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңа табыс тілеймін”, – деп жазылған Қазақстанның бокс федерациясының сайтында.

Бұған дейін Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада маусым айында өтеді жеп хабарланған еді. Алайда Сондерспен Головкин айқасы кейінге шегерілді. Қарсылас жақ бұған Головкиннің жарақат алуы себеп болғанын айтты. Ал, Головкиннің бапкері спортшының ауыр жарақат алғанын теріске шығарды.

Қазіргі уақытта Головкин WBC, WBA (Super), IBF және орта салмақтағы IBO титулының иегері. Оған абсолютті чемпион атану үшін Сондерстің илелігіндегідей WBO атағы ғана жетіспейді.

Жіберіп алмаңыз:

Шәріпова ресейлік қарсыласын рингке шықпай жатып нокаутқа жіберді

Сондерс Головкинге соңғы мүмкіндік беретінін айтты

Головкинді жеңе алатын тағы бір боксшының есімі аталды

Талқылау