Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Рамирестің жекпе-жегі биыл күзде өтуі мүмкін

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирес рингте биылғы күзде кездеседі, деп мәлімдеді.

новый коллаж

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

“Қазір Рамирес 23 шілдеде Доминик Бричке қарсы өзінің атағын қорғап қалуды жоспарлауда. Содан кейін біз күзгі ұрысты жоспарлаймыз. Бәрі де жақсы болса, ол Головкинмен кездеседі. Мен Том Леффлермен әңгімелестім, біз бұл ұрысты өткізуге уағдаластық.

Әрине, GGG-нің Канеломен кездескені дұрыс болар еді, бірақ мексикандықтың оған құлқы болмай тұр. Есесіне, тағы бір мексикандық жауынгер – Хильберто Рамирес бар, ол шешім қабылдауда тайсалмайды. Оның Головкинмен жұдырықтасуға үміті бар”, – дейді Арум.

Бұдан бұрын, Головкиннің келесі қарсыласы британдық боксшы Крис кіші – Юбэнк болуы мүмкін екені хабарланған болатын.


Жіберіп алмаңыздар:

Армяндық боксшы Головкинді кешкі асқа тамақ қылатынын айтты

Геннадий Головкинге Астанадан пәтер сыйға берілді

Головкин Алматыда өзін зарыға күткен екі науқас бүлдіршінмен кездесті (фото)

Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты

Талқылау