Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Алматыда өзін зарыға күткен екі науқас бүлдіршінмен кездесті (фото)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Алматы клиникаларының бірінде Ділмаш және Рүстем есімді қос бүлдіршінмен кездесіп, олардың арманын орындады, деп хабарлайды Sports.kz Айгүл Абсаметтің Facebook-тегі парақшасына сілтемемен.

головкин3

«Армандар орындалады. Әсіресе балалардың арманы. Тек, кәміл сену керек. Бүгін қос бүлдіршіннің арманы орындалды. Чемпион өзі келіп, оларға тез сауығып кетуін тіледі. Енді олар өз сырқаттарын нокаутқа жіберуге сөзсіз күш табады деп ойлаймын. Ғажайып қазірден бастап болып жатқан секілді – Рүстемнің денесі жансызданған болатын, алайда Генамен кездесемін деп күткендіктен әрі оның сыйлығының арқасында балақайдың қолы қозғала бастады. Ол Головкиннің қолын қысып, амандаса алды. Ал Гена өзін қашан да батырлар секілді ұстайды ғой. Өкінішке қарай, бұған дейінгі онымен кездесу жайлы өтініштеріміз оған жетпеген болып шықты. Тек оның өзіне жеке біздің шақыртуымызды естірткеннен кейін ғана ол науқас бүлдіршіндер онымен кездесуді зарыға күтіп жатқаны жайлы хабардар болды. Ол барлық ісін жиыстырып қойып, ауруханаға келді. Генадийдің жалғыз өтініші – БАҚ өкілдерінің болмауын сұрады. Бұл оның қарапайымдылығы мен нағыз ер азаматқа тән мейірімділігін көрсетеді. Біз аңыз адамды өз көзімен көрген балақайлар енді ғажайыпқа сөзсіз сеніп, жазылып кетеді деп ойлаймыз», – деп жазды «Балалардың арманын орындайық» атты кездесуді ұйымдастырушы әлеуметтік желіде.

головкин2

 

Талқылау