Головкин Мартиросянмен жекпе-жек алдында түскен суреттерін жариялады (фото)
Геннадий Головкин Калифорния штатының Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтетін жекпе-жек алдында түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның мемлекеттік туы мен қазақ ұлттық шапапының жанында түскен суреттерін жариялады. Сонымен қатар өзінің жекпе-жекке дайын екенін жазды.
Сондай-ақ, суреттен түрлі дәрежедегі белбеулерді байқауға болады.
«Барлық жиынтық», – деп жазды спортшы.
Айта кетсек, бүгін, 6 мамырда, Головкин мен америкалық боксшы Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жек өтеді. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көруге болады.
Оқи отырыңыз:
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Головкин-Мартиросян жекпе-жегінің андеркардында жеңіске жетті
Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды
Головкин мен Мартиросянның жекпе жектен қанша табыс табатыны белгілі болды
Головкин мен Мартиросянның жекпе жегі Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
