Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Мартиросянның жекпе жегі Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жекпе жек алдында салмақ өлшеді.

Головкиннің салмағы 160 фунт, Мартиросян 159,6 фунт болды. Екі боксшының да салмағы шектен асқан жоқ.

Бір ай бұрын керісінше Мартиросянның салмағы 170 фунт болған. Головкиннің салмағы 165,8 фунт болды.

Ел күткен жекпе жек 5 мамыр күні Карссондағы StubHub Center аренасында өтеді. Айқас Қазақстанда 6 мамыр күні көрсетіледі. Астана уақыты бойынша 05-30-дар шамасында басталып, басты кездесу сағат 09-00-де болады. Айқастың қазақстандық телеарналардан көрсетілетіні әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыз: 

Головкиннің алдағы жекпе жектегі қарсыласы: Әйелім Головкиннің жанкүйері

Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Тамара Асар: Мәскеуден емделіп келгенімде күйеуім басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты

Оққағарларың халықты итермесін: Тыңдарманы Қанат Үмбетовке өз орныңды біл деп ұрысып тастады

Талқылау