Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Канело туралы: Спаррингтегідей қызықсыз кездесу өткізді

Генадий Головкин қос мексикалық боксшы Саул «Канело» Альварес пен Кіші Хулио Сезар Чавестің шаршы алаңдағы кездесуіне қатысты пікір білдірді.

0аир

Бұл туралы LATimes басылымы жазды.

«Сенбідегі кездесу спаррингтегідей қызықсыз болды. «Канело» кездесуді мерзімінен бұрын аяқтағысы келмеді. Ал бұл көрерменге ұнай бермейді. Олар бұл жерге билет сатып алғандықтан келіп отыр. PPV те бар. Яғни шоу көру үшін келіп отыр. Барлығына менің нокауттарым секілді драмалар ұнайды. Мен ұра алатынымды сезсем, соңына дейін ұрамын», – дейді Головкин.

Альварес төрешілердің шешімімен кіші Чавесті ұтты. Алғашқысы кейінгісін 120-108 есебімен ұтты. Кездесуден кейін Головкин рингке шығып, Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Талқылау