Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Альварестің орнына Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін

Промоутер Том Леффлер LA Times-қа Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің супер жекпе-жегін өткізу мүмкін болмаған жағдайда GGG-дің Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуын ұйымдастыру қызығушылығы туралы айтып берді.

20160519105947

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Біз әлі де Канеломен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Оның титулы жоқ болғаны маңызды емес. Бұл әлі де бокстағы ең үлкен жекпе-жек. Егер осындай жұдырықтасуды өткізе алмасақ, Геннадий үшін басқа нұсқаларды қарастырамыз. WBO бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу да біз үшін қызықты болмақ», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Сауль Альварес Головкинге WBS белдігін ресми түрде босатып берді

Талқылау