Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливудта әйелімен бал айын өткізіп жатқан шенеуніктің әрекеті тексерілмек

Мемлекеттік қызмет істері бойынша департармент Орал әкімі орынбасарының Голливудта “бал айын” өткізіп жатқанын білмейтін болып шықты. Ведомство шенеуніктің әрекетін тексеріске алмақ.

Бұл туралы “Уральская неделя” басылымы хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері бойынша департармент басшысы Болат Исақовтың айтуынша, ведомство шенеуніктердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексерген.

“Тексеріс барысында этикалық нормаларға сай келмейтін 186 суретті анықтадық. Ескерту айтылған соң шенеуніктер барлық суреттер мен жазбаларды өшірді. 48 шенеунік жауапқа тартылды”, – деп атап өтті ол.

“Біз мемлекеттік қызметкердің ғана парақшасын тексереміз, олардың жұбайларын назарға алмаймыз. Бұл жайт туралы алғаш естуім, бірақ міндетті түрде аталған шенеунікке кеңесімді айтамын”, – деп түсіндірді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің әнін еншілеп алды (видео)

Жанар Айжанова мен Мөлдір Әуелбекова Шімән апаның клипіне түсті (видео)

Отандық шоу-бизнесте Жанар Дұғаловадан аумайтын әнші пайда болды

RinGo тобының әншісі екінші рет әке атанды

Талқылау