Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиядан келген шахматшы Павлодарды жердің түбі деп ойлаған

Павлодарда шахматтан облыс әкімінің кубогы үшін халықаралық жарысқа келген неміс қызы Марта Мична Павлодарды жердің түбі деп ойлаған.

Marta_Michna_2013.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d18246.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c418246

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін шетелдік қонақ осындай пікір білдірді.

“Әуеліде Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан қалаға барасың дегенде қатты қорықтым. Бірақ әуежайдан түсе бергенде Астананы көре салып, бірден Сингапурда жүргендей сезіндім. Зәулім қонақ үйлеріне қарап, Монако патшалығына тап болғандай күй кештім. Кейін Павлодарға келгенімде шашу шашып, қарсы алды. Бұл жердің тұрғындары өте мейірімді әрі қонақжай екені көрініп тұр. Мұндағы қонақ үйлер де жаман емес.Бірақ ауа райы тым салқын екен, жаурап қалдым”, – деді М. Мична.

Елімізге тұңғыш рет келіп отырған әлем чемпионының айтуынша, қазақстандық ойыншылар – шахмат әлемінің хас дүлдүлдері. Енді бір-екі жылдан кейін олар ешкімге бет қаратпайтын болады.

“Мен 30 жыл бойы шахмат ойнап келемін. Бұл жарыста 12 жасар Бибісара Асаубаева өнер көрсетуде. Оның талантына тамсандым, жеңіске деген жігері бар. Шыны керек, Германияда дәл осындай қолдау жоқ”, – дейді шетелдік шахматшы қыз.

Екі күн бойы үздік шахматшыны анықтау үшін бақ сынасуға алты әлемнің мемлекетінен жиналған кіл мықтылардың арасындағы армениялық Мария Курсова да Ертіс-Баян өңірінде ауа райының салқындығын сөз етті.

“Ауа райы қатаң болмаса, Павлодар тамаша қала екен. Ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде. Павлодарды аралап, тарихымен таныстық. Шахматшылардың шебер екені байқалып тұр”, – деді М. Курсова. Айта кетерлігі, Марина Мична бүгін жарыстан кейін Павлодардағы зергерлік бұйымдарды сататын дүкеннен өзіне алтын жүзік сатып алуға уәде берді.

Талқылау