Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда паранджа мен бурка киімін киюге тыйым салынды

Германияда мұсылман қыздарға денесін және бетін бүркейтін киім киюге тыйым салынды. Мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен университеттерде, сондай-ақ, сотта паранджа және бурка киюге рұқсат етілмейтін болды.

11445541

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

Германия ІІМ басшысы Томас де Мезьер елдегі мұсылман әйелдерге бүркемеленіп киінуге тыйым салды.

«Біз осы ұсынысты заң жүзінде қарастыратын боламыз. Қоғам өміріне қажетті жерлердің бәрінде адамның жүзін көруге тиіспіз: салық комитетінде, мемлекеттік мекемелерде, АХАЖ бөлімдерінде, мектептер мен ЖОО-да, мемлекеттік қызмет пен сотта», – деді Мезьер ZDF телеарнасына тікелей эфир барысында.

Министрдің айтуынша, бетті толықтай дерлік жауып тұратын киім Германия сияқты ашық елге сәйкес келмейді.

Бурка — адамның денесі мен бетін толықтай жасырып, тек көздерді көрсетіп тұратын мұсылман елдеріндегі киім түрі.

Францияда бетті толық жауып тұратын киімге 2011 жылдың сәуірінде тыйым салынған болатын. Ал 2014 жылы адам құқықтары бойынша Еуропа соты бұл заңды дұрыс деп тапты.

 

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда кондуктор паранджа жамылған әйелді көліктен қуып шықты

Ақтөбелік театр джихад туралы қойылым әзірледі

Жабынған келіншек тұмшаланудан бас тартуының себебін түсіндірді

Мұсылман студенттер Парижде Хиджаб күнін өткізді

Талқылау