Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды (видео)

Германиядағы босқындар лагерінде тұратын Ирак азаматы апатқа ұшырап, жанып жатқан жеке ұшақтағы жоларшыларға көмектесіп, аман алып қалды. Ол уақытта 34 жастағы Хассаниен Салман үйінде болған.

47aee01389fe4e05db67d003302058c1_L

Сурет www.telegraph.co.uk

Қатты естілген дыбыстан далаға шығып, босқындар лагерінен 200 метр қашықтықта ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген. Бұрын мал дәрігері болған ол ойланбастан оқиға орнына, ұшақ сынықтары шашылып жатқан жерге барған. Ұшақта 4 адам болған. Оның екеуі жеңіл жарақаттанған, сондықтан өз еріктерімен ұшақтан шыққан. Ал қалған екеуінің жағдайы ауыр болыпты. Салман бензиннің иісін сезген, ұшақтың жалындап жанып келе жатқанын байқаған.

Ол басқа босқындармен бірге жалынның бағытын өзгертіп, ұшақ кабинасына барып, жараланғандарды шығарып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенше Салман жарақат алғандардың біреуіне көмектескен. Кейін жараланғандарды келген дәрігерлерге тапсырған. Оқиға орнына жеткен полиция өкілі Салманның әрекеті ерлік екендігін айтты.

Талқылау