Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин келер жылы Қазақстанда жекпе-жек өткізбек

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өз елінде жекпе-жек өткізуді қалайды. Ол Джейкобспен өз отанында жұдырықтасуға ниетті екенін айтты.

44444

Фото: BJPenn.com

Бұл туралы allboxing.ru хабарлайды.

Боксшының айтуынша, жекпе-жек ЭКСПО қарсаңында өтіп қалуы әбден мүмкін. Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 2017 жылдың басында өз еліндегі тұңғыш жекпе-жегін өткізеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда Головкиннің командасы америкалық Даниэл Джейкобстың командасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Биыл GGG үш жекпе-жек өткізуді жоспарлағанымен, желтоқсан айындағы кездесу кейінгі шегерілді.

“Тек біздің ғана емес, әлемдегі басқа жанкүйерлер де Қазақстандағы жекпе-жекті көргісі келеді. тек жәй жекпе-жек емес, деңгейі әлемдік бокс шараларынан кем түспейтін бокс кешін жасағым келеді. Сонымен қатар, бұл жыл Қазақстан үшін өте маңызды. Біз тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап, келер жылғы ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындаламыз. Бұл имидж тұрғысынан өте маңызды шара болғандықтан, спорттық аудиторияның назарын аударып ЭКСПО-ны танымал ете түссем деймін. негізі топ жекпе-жектердің аудиториясы әдетте 150-170-ке жуық елді құрайды. Бұл көрме үшін өте керемет жарнама болар еді. Мен және менің командам бұл жекпе-жекті Қазақстанда ұйымдастыра алады деп үміттенемін”, – деді Геннадий Головкин.

Қазір боксшы Калифорния штатында жаттығу жиынын өткізген. 2017 жылға боксшы үш кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз:

Андрей Аршавин Алматымен қоштасқысы келмейді

Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Талқылау