Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: тышқандар ғарыштан бауыр ауруымен оралды

“Атлантис” бортында ғарышқа самғап, галактикада біраз уақыт өткізген тышқандар жерге қайта оралды. Алайда келгеннен соң олардан бауырдың зақымдануы байқалған.

вввв

Сурет scientificrussia.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Осы зерттеуге дейін бізде ғарыштың бауырға қаншалықты әсері бар екендігі туралы ақпарат мүлде болмаған. Біз білетіндей, ғарышкерлер жерге диабет симптомдарымен келгенімен, тез айығып кетіп жататын”, – дейді Аншутцдағы Колорадо университетінің ғалымы Карен Йоншер.

Ғалымдар “Атлантис” ғарыш кемесімен көк жүзіне екі аптаға саяхаттап қайтқан тышқандарды әбден зерттеген. Ұшып келгеннен кейін тышқанның ағзаларын өңдеген, оның ішінде бауыр да бар. Өзге ағзалары алдағы уақытта тексеру үшін мұздатып қойылған.

Ғалымдар ағзаларды мұздату арқылы, бауыр және басқа да мүшелердің жасушалық деңгейде қалай көрінетінін байқаған. Бұл салыстыру бірқатар құпия деректердің басын ашуы мүмкін. “Ғарышкер”-тышқандардың бауыры жұмбақ жағдайда жасушаларды күшейтіп, бауырдың құрылымын өзгерткен. Осылайша ішкі құрылымға зиян келіп, бауырдың зақымдануы жалпы ағзаның жұмысына кедергісін келтірген.

Оның үстіне ғарыштағы өмір бауырға май жиналып, А дәрумені концентрациясының төмендеуі әсерінен жылдамдап кетеді. Бұл майдың тарауымен байланыс ферменттердің жұмысына кедергісін тигізеді.

“Әдетте фиброз тышқандарда бірнеше ай көлемінде дамиды. Бұл әрине майлы әрі зиянды тамақтарды жеу нәтижесінде қалыптасады. Ал егер ғарышқа барып, дұрыс тамақтану режимінде тышқандар осындайға ұшырап жатса, адамдардың өмірі не болмақ”, – дейді Йоншер.

Талқылау