Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар селфиқұмарлықтың психикалық ауру екенін анықтады

Дәрігерлер селфиқұмарлық және интернетте селфи суреттерін жиі жариялау психикалық аурудың белгілері болып табылатынын  айтты. Ғалымдар аталған зерттеуді International Journal of Mental Health and Addiction журналында жариялады, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеп Stan.kz.

Ғалымдар селфиге түскенді жақсы көретіндерге қатысты 20 пайым дайындаған. Олар экспериментке қатысушыларды олардың нақтылығын 1-ден 5-ке дейінгі көрсеткіш бойынша бағалауды ұсынады. Зерттеуге 27 жасқа дейінгі 400 адам қатысқан.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде психологтар мынадай шешімге келді: күніне үш рет суретке түсетін, бірақ оларды интернетте жарияламайтын адамға мамандар “селфитис” деп атаған психикалық ауруға шалдықты деген диагноз қоюға болады.

Аталған дерт асқынған кезде адам суреттерін желіге салғысы келіп тұрады.

Ауру келесі созылмалы кезеңге өткенде адам күніне кемінде алты селфи жариялайды.

Ғалымдардың айтуынша, “Селфитис” дертімен ауыратындар әдетте өзіне сенімсіз адамдар, олар осылайша өзіне назар аудатқысы келеді екен.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар семіздікті жеңудің ең тиімді әдісін тапты

Анасы ағзаларын басқа балаларға беру үшін құрсағындағы өлі сәбиін 9 ай бойы көтермек

Ғалымдар еркек ұрығының әйелдердегі қатерлі ісікті емдейтінін анықтады

Қол жуудың ең дұрыс әдісі белгілі болды

Талқылау