Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар өрік дәнін жеу өте қауіпті болуы мүмкін екенін айтады

Кептірілген өрік дәні көптеген елдерде дастарқан сәнін келтіретіні рас. Алайда жуырда Британия ғалымдары оның құрамындағы құнарлы заттар мен дәрумендерге (атап айтсақ, B17 дәрумені) қызықпауға кеңес берді.

-font-b-nuts-b-font-Almond-font-b-nuts-b-font-Wild-day-almond-font

Сурет: ru.aliexpress.com 

Сөйтсе, мәселе дәннің құрамында көп мөлшерде болатын улы зат цианидте екен.  Соңғы кезде Британияда өріктің ұнтақталған дәндерінен жасалған тамақ қоспалары оңды-солды сатылуда. Ұнтақты өндірушілер оны обыр дертіне қарсы керемет шипа деп, барынша жарнамалап жатыр.

Бірақ, бұл қоспаның тиімділігі дәлелденген жоқ және оны тұрақты түрде қолдану денсаулыққа зор нұқсан келтіріп, тіпті адам өліп кетуі де мүмкін екен. Себебі цианид адамзат тарихындағы ең күшті улардың бірі болып табылады. Мысалы, егер адам өріктің 10-15 дәнін жесе, аяқ-қолдары ұйып, жансызданып қалады. Ал егер осындай отызға жуық дәнді жесе, онда адам тіл тартпастан бірден көз жұмуы мүмкін екен.

Жіберңп алмаңыз:

Ғалымдар майдың зияны туралы мағлұматты теріске шығарды

Талқылау