Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар миға арналған ең пайдалы өнімдерді атады

Зерттеушілер антиоксиданттар мен дәрумендердің көп мөлшері мидың еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Medical Express-ке сілтеме беріп.

Ғалымдар миға арналған ең пайдалы өнімдерді атады

Америкалық неврология академиясының ғалымдарының зерттеулері дәруменге толы шырындарды күнделікті ішкен кезде адамның ағзасының жұмысы қалыптасып ғана қоймай, қартайңан шағында миы да жақсы қызмет атқаратын көрінеді.

20 жылдық зерттеудің нәтижесі бойынша жаңа сығылған шырындарды ішкен адамның миы 73 жасында жас кезіндегідей жұмыс жасайды. Зерттелген ер азаматтардың 55 пайызы күнделікті табиғи өнім жеген, нәтижесінде олардың миы ең қиын жұмыстарды атқара алған.

Зерттеу нәтижесі бойынша миға пайдалы болып табылған өнімдердің ішінде апельсин, салат шөптері, қызанақ, қияр, сүт өнімдері, алма, сонымен қатар түрлі жидектер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау