Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

Депутат білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды. Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменова Қазақстан географиясына қатысты мәселе көтеріп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады.

“Елбасы биылғы халыққа жолдауының адами капиталды дамытудың негізгі бағыты бойынша білім берудің жаңа сапасы туралы айтты. Десек те, білім саласына жауапты министрлік тарапынан берілген тапсырма мен айқын бағытты бұрмаушылықтардың кейде көрініс табатыны жасырын емес”, — дейді депутат Бақытгүл Хаменова.

Ол оқу бағдарламасын әзірлеген жауапты мамандар басты жайтты ескермей қалғанын алға тартты.

Ғалымдар еліміздің егемендігін танытатын пән – “Қазақстан географиясын” жеке пән ретінде таппай қалған.

“Дүниежүзіндегі барлық ел өздерінің тәуелсіздігін таныту үшін географиясын жеке пән ретінде оқытатындығы анық. Жер бедері бойынша еш кішкентай мемлекеттердің өзі бұл тізімнің алдында. Ал Қазақстан Республикасы 193 мемлекеттің ішінде тоғызыншы орынды иеленген. Айталық, Израиль мемлекеті төл географиясын екі жыл меңгертсе, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдері үш жылға жуық уақытты жоспарлайды екен”, — деді Хаменова.

Қазақстан географиясы мектепте 1993 жылдан бастап оқытылып келеді. Депутаттың айтуынша, аптасына әупірімдеп оқытатын екі сағаттың өзі бүгінде көзден бұлбұл ұшқалы тұр.

“Елбасы “Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру” мақаласында: “Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Ол үшін Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстаның киелі жерлері гоеграфиясының жобасы керек”, – деді депутат.

Депутат Қаазақстанда стандарт пен бағдарламаны аттап өтіп, оқулық шығару сәнге айналып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Сөзіне дәлел — биылғы оқу жылынан бастап “География” деген атаумен жаңа оқулық енгізілген. Ал “Қазақстан географиясы” пәні жоқ.

“Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде берген мәлімдемесінде министр Ерлан Сағадиев мырза аталмыш мәселеден бейхабарлығын танытса, министрліктен алынған ресми жауапта бүгінгі күнге дейін” Қазақстан географиясы” пән ретінде емес, оқу бағдарламасы есебінде ғана қаралған деген жауап алдық. Жауапты басшылықтың жауабы осындай  түсініксіз болса, жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтың шикілігі де айқын ба дерсің. Қалай десек те, басты мақсатымыз — болашақ ұрпаққа Атырау мен Алтайдың арасын жалғап жатқан кең байтақ атыраптың қасиетін ұлттық мақсатта түсіндіру. Елбасының ерен еңбегі — өзгелермен астасқан қазақ елінің аумағы мен шекарасын Қазақстан географиясында оқыту маңызды. Бұл болашақ алдындағы борышымыз”, — деді ол.

Осы айтылғандардың негізінде “Нұр Отан” фракциясының депутаттары Білім және ғылым министрлігінің шығарған оқу бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

Тағы оқыңыз:

Балаларға мешіт, шіркеуге және діни шараларға ата-анасыз баруына тыйым салынуы мүмкін

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар