Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Лондон орталығында табылған 11 келілік мутант егеуқұйрықтың құпиясын ашты

Зерттеушілердің айтуынша, табылған егеуқұйрық Гамбиялық қалталы егеуқұйрық болуы мүмкін, соңғы уақытта бұларды жиі үйде асырап ұстайды. Себебі олар «барынша сүйкімді». Сондықтан да сарапшылар ол асыранды егеуқұйрық болуы мүмкін екенін айтты, деп The Sun газетінен үзінді  келтіреді Рен-ТВ.

крыса

Ғалымдар қалталы егеуқұйрықтар өте ақылды болатынын, оларды оңтүстік африкалық Мозамбик елінде мина іздеуге пайдаланатынын мәлімдеді.

«Бұлар өте ақылды келеді, оларды көбіне қарғыбаумен ұстап жүреді», – деді Хаддерсфилд университетінің докторы Дуги Кларк

Бұдан бұрын егеуқұйрықты тапқан жұмысшы фотоны жариялағанда, оған ешкім сенбей, монтаж, қиял деді. Алайда ғалым Оливер О’Брайен оны растады.

Зерттеушінің айтуынша, ол бұрын айтылғаннан сәл кішірек. Алайда көлемі онша кішкентай емес.

Еске салсақ, ұзындығы 1,2 метр, салмағы 11 келі алпауыт тышқанды газ инженері Тони Смит тауып алған болатын.

 

Талқылау