Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қарапайым тұз құрамынан зиянды заттар тапты

Оңтүстік Кореядағы Инчхона университетінің мамандары ас тұзының 39 түрін зерттеп, оның 36-ның құрамынан микроплатик тапты.

Зерттеу қорытындысы American Chemical Society ғылыми ұйымының сайтында жарияланды.  Мамандар 16 елде өндірілген тұзды тексерді. Оның ішінде тас және теңіз тұзы да бар. Теңіз тұзында 1674 келі микробөлшектер табылды.

Ең ласы Азия елінің тұздары болып шықты. Мәселен, Индонезия елінде өндірілген тұздың ішінен 13629 микробөлшек табылды. Бұған дейін ғалымдар пластик әсерінен судың ластануын айтып, 2050 жылға қарай балық санынан платик саны көп болады деген болжам келтірген. Тқз құрамынан пластиктердің табылуы себебі де сол.

БҰҰ мәліметінше, жыл сайын теңізге 12,7 млн тонна синтетикалық материал тасталады. Қоқыс төгушілер теңізге минут сайын пластмасса тастайды. Микропластиктің адам денсаулығына зияны әлі толық зерттелген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау