Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әлеуметтік желілердің адамдарға әсерін анықтады

АҚШ-тағы Канзас университетінің ғалымдары әлеуметтік желілердің адамдардың ара-қатынасына әсер етпейтінін анықтады. Зерттеу нәтижесі Information, Communication & Society ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ғалымдар екі тәжірибе жүргізген. Біріншісінде олар 2009 және 2011 жылдар аралығындағы жастардың әрекеті жөніндегі мәліметтерге талдау жүргізген. Анықталғандай, аталған екі уақыт ішінде әлеуметтік желілердің дамуы жастардың жүзбе-жүз араласуға жұмсаған уақытына әсер етпеген.

Ал 2015 жылы жүргізілген екінші зерттеуге 116 адам қатысты. Қатысушылардың жартысы студенттер болса, қалғаны университеттегі білімін тәмамдаған ересектер болған. Зерттеушілер олардан күнделікті қарым-қатынасы мен әлеуметтік желіні қаншалықты көп қолданғанын сұрап отырған. Анықталғандай, әлеуметтік желідегі «виртуалды» достармен сөйлесу қатысушылардың туыстары, жақындары және достарымен араласуына ықпалы болмаған.

Оқи отырыңыз:

Ұзындығы бес метр қолтырауын гольф алаңына шықты (видео)

Фильмде ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған достар 13 жылдан кейін отбасын құрды

Екі аяғының ортасынан соққы алған ер адамның жүрегі кеудесінен шығып кетті (видео)

Өзін «уақыт саяхатшысы» атаған ер адам 2118 жылы түсірілген суретті көрсетті (видео)

Талқылау