Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы Пеле медальдарын сатылымға қойды

Әлем футболының аңызы әлемдік чемпионаттарда иеленген үш бірдей медалін аукционға қойды. Алтын медальдан басқа екі мыңға жуық спортшының жеке заттары да сатылмақ.

330506

Сурет GLOBAL LOOK press\e83

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

“Мен өз тарихымның бөлшектерін жанкүйерлерім мен коллекционерлеріме ұсынуды жөн көрдім. Олар менің жүлделерімді кейінгі ұрпақтарға жеткізіп, бөліседі деп үміттенемін”, – дейді футболшы. Спортшы сатылымнан түскен ақшаны Куритибедегі балалар ауруханасына жұмсайтынын да айтты. Сатылым 2016 жылдың 7-9 маусым аралығында Лондонда өтеді.

Пеле – әлем чемпионаттарында өнер көрсетуі бойынша рекордшы болып саналады. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары үш юірдей титулды иеленді. Бразилия құрамасының қатарында 92 матч өткізіп 77 гол соққан.

Сарапшылардың айтуынша, Пеленің техникасында әлсіз тұсы болмаған. Оның 1961 жылы “Флуминенсе” қақпасына соққан голына “жүзжылдықтың голы” деген атақ беріліп, “Маракана” стадионының алдына ескерткіш те қойылған болатын.

Талқылау