Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тейлор Свифт әлемдегі ең табысты әнші атанды

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат әншілердің рейтингін жасады, онда жылына 170 млн. доллар (2016 жылдың маусымына дейінгі көрсеткіш) табыс тапқан Тейлор Свифт көш бастап тұр.

1468298167_first_pic_maxresdefault_copy_0

Табысының басым бөлігін мамыр айында Жапонияда басталған «1989» концерттік турынан түскен кірістер құрайды. Сондай-ақ, Свифт диеталық газдалған сусынның, Apple өнімінің және Keds компаниясының аяқ киімдерінің жарнамасынан да көлемді табыс тапқан. «Оның тыңдармандары жылдан-жылға өсіп келеді және оларды нарықтың түрлі салаларынан кезіктіруге болады», – деп атап өтті Fox Rothschild заңгерлік компаниясының шоу-бизнес жөніндегі сарапшысы Лори Лэндрю.

Екінші орынға әнші Адель $80,5 млн. нәтижесімен тұрақтады. Бұл көрсеткіш әзірге әншінің ең ірі қаржылық табысы. Оның табысының негізгі бөлігін «25» альбомының сатылымы және өнер көрсетуінен түскен ақша құрайды.

Үшінші орында Мадонна тұр, оның жылдық табысы $76,5 млн. болған. 2013 жылы Мадоннаның бірінші орында тұрғанын атап өткен жөн. Үштікке енбесе де, тізімнің алдыңғы қатарынан орын алған Рианна ($75 млн), Бейонсе ($54 млн), Кэти Перри ($41 млн), Дженнифер Лопес ($39,5 млн), Бритни Спирс ($30,5 млн), Шанайя Твейн ($27,5 млн) және Селин Дион ($27 млн) бар.

Жіберіп алмаңыз:

“Халал” алкоголь мұсылмандардың жағасын ұстатты

Үйден гөрі вокзал артық: Бозбала өгей әкесінен қысым көріп қаңғырып кеткен

Жалаңаштанып жарнамаға түскен Айсәуле Бақытбекқызы халықтың сынына ілікті (фото)

Ел арасында бит 500 теңгеден сатылып жатыр

Алматы облысында өздеріне оқ ататын көршісі тұрғындардың зәресін алуда

Талқылау