Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фанаттар Ninety one тобымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасоваға ұрысып тастады

Атышулы Ninety one тобының жанкүйерлері топ жігіттерімен құшақтасып суретке түскен Мәдина Сәдуақасоваға ұрысып тастады.

18812213_466088380402396_8159626633272098816_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өткен аптада Мәдина Сәдуақасова Астанадағы “Қазақ елі” алаңында ашық аспан астында өткен концертті жүргізді. Кеш барысында әнші өнердегі әріптестерімен кезек-кезек суретке түсіп, желіге жүктеп қойды.

Бұл ретте Мәдинаның 91 тобымен түскен суреті желіні шулатып жіберді. Eaglez-дар 91 тобындағы Alem-нің иығына қолын қойғаны үшін Сәдуақасованы жерден алып, жерге салды.

“Мәдина, Әлемнен аулақ жүр”, “Не істеп тұр жабысып, басқа қоятын жер таппағандай”, – деп қызғанышын білдірді атышулы топтың жанкүйерлері.

18809188_741586006023075_5860134824127234048_n

Бұған Сәдуақасованың өзі түсіністікпен қарады. Фанаттардың пікірін жариялаған ол:

“91-дің жігіттеріне не деген маxаббат десеңіздерші! Кеше Астанадағы Open air-2017 концертінде де осы топ жастардың ерекше ықыласына бөленді. Тіпті, Ресей әншілері де өз шатырларынан шығып, қызығып қарап тұрды”, – деп жазды.

Бұл ретте желідегі оқырмандарының пікірі сан-саққа жүгірді. Әдеттегідей, жұрт шашын қайта бояп тастаған 91 тобының образын қызу талқылап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова ұлының есеп шығарып, үш тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

 Жеңіс Ысқақова: Димаш – бәйгеден келген тұлпар, Қайрат – халықтың сүйіктісі

Алматылық кәсіпкер әншілерге ерекше ауызашар жасап, оларды ақшаға таластырып қойды (фото)

Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті

Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)

Талқылау