“Евровидение” байқауының жеңімпазы Димашпен бірге жұмыс істегісі келетінін айтты

«Евровидение» байқауының бас жүлдесін еншілеген – Эльдар Гасымов Қазақстанға ән-сапармен келді. Ол 2011-ші жылы Әзірбайжан елінің намысын қорғаған болатын. Қазақстанға іс-сапармен келген әнші, аталмыш додада Димаш та топ жарады деп топшылады.  

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Евровидение» байқауына ұсыныс тастадық, «Еуроодаққа». Оның жауабын күтіп жатырмыз. Айта кететін қуанарлық жағдай. Осы «Евровидениенің» сайтына салған кезде менің өнер көрсеткенімді. Қуана-қуана қатысқанын біз тамашалаған болар едік деп жазып жатыр”, – деп қуанған еді Димаш осыдан 1,5 жыл бұрын.

Құдайбергеновтің бұл жағымды жаңалығы жұртты қуантқаны рас. Алайда, қазақ баласының «Евровидение» байқауына қатысты жоспары жүзеге аспаса да, бүгінде Димаш әлемге танылып үлгерді.

Димаштың өнеріне «Евровидение» байқауының бас жүлдесін еншілеген Эльдар Гасымов та оң бағасын беріп отыр. 2011-ші жылы аталмыш ән додасында жүзден жүйрік шыққан әзірбайжандық әнші мен қазақ баласы ертең дуэт жазса таң қалмаңыз!

“Қазақстанда талантты жастар өте көп! Жақында ғана Димашпен таныстым. Бұл жерде өте танымал екенін естідім. Менің ойымша алдағы уақытта, бірнеше жобаларды бірлесіп жарыққа шығару жоспарымыз жүзеге асуы мүмкін”, – дейді «Евровидение-2011» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов.

Сонымен қатар, Қазақстанға ат басын бұрған Эльдар, Димаштың вокалдық мүмкіндіктеріне де тәнті болғанын жасырмады. Тіпті, «Евровидениеде» ел намысын қорғап, аталмыш байқауда топ жаруға Құдайбергеновтің қабілеті мол екеніне сенімді.

“Мен Димаштың бірнеше видеоларын көріп шықтым. Дауысын тыңдадым. Менің ойымша, Құдайбергенов «Евровидение» байқауында бақ сынауға лайықты өнерпаз деп білемін. Алдағы жылдары аталмыш конкурста қазақстандық қатысушыларды көреміз деген үміт бар”, – дейді Гасымов.

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева үшінші сәбиін күтіп жүр

Дизайнер Жадоның ел білмейтін мамандығы қандай? (видео)

Қайраттың әкесі: Мен келінімді төбеме көтердім, өз балаларымды да олай ұстаған емеспін

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар