Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуро 2016: Футзалдан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниядан ұтылды

Биылғы Еуропа чемпионатының дебютанты болған Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испания құрамасына есе жіберді.

photo_62038

Сурет vesti.kz сайтынан алынды

Какау баптайтын Қазақстан құрамасы айды аспанға шығарып, Италияны жарыс жолынан ығыстырған еді. Ал Испаниямен финалға берілер жолдаманы сарапқа салған біздің жігіттер 5:3 есебімен ұтылды.

Бұл матчқа ойыннан шеттетілген қақпашы Игита мен шабуылшы Шыңғыс Есенаманов қатыса алмады. Бірінші таймда есеп 3:1 болып, Испания пайдасына аяқталды.

Енді сенбі күні Қазақстан үшінші орын үшін Сербия командасымен кездеседі. Ал чемпиона атану үшін финалда Ресей мен Испания құрамалары кездеседі.

Испания – Қазақстан 5:3 (3:1)
Голдар: Довгань 4 (0:1), Бебе 8 (1:1). Мигелин 17 (2:1), Кампос 18 (3:1), Алекс 27 (4:1), Лео 36 (4:2), Жаманкулов 38 (4:3), Кампос 39 (5:3)

Ойыншылар:
Испания: Пако Седано, Хесус Эрреро, Хуанхо – Ортис, Марио Ривильос, Пола, Рауль Кампос, Хосе Руис, Бебе, Андресито, Рафа Усин, Лин, Алекс, Мигелин.

Қазақстан: Шамро – Лео, Дуглас, Жаманқұлов, Довгань, Сүлейменов, Першин, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

Талқылау