Есболат Беделхан “оралман” сөзін “қандас” сөзімен алмастыруды ұсынды

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 15:18

“Орда” тобының әншісі Есболат Беделхан “оралман” сөзін “қандас” сөзімен алмастыруды ұсынды. Мұнымен қатар, өз Отанында өскен азаматтардың қайтып келген “оралмандарға” күн көрсетпейтінін тілге тиек етті.

TW1_8355_новый размер

Фото: comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есболат, Ерболат және Жанболат Беделхановтар Қазақстанға Моңғолия елінен көшіп келген. Ағайындылар Отанға оралған соң “Орда” тобын құрады. Аталған топта Беделхановтардан бөлек, ағайынды Оразбековтер өнер көрсетеді. Бірнеше күн бұрын Есболат Беделхан өзінің инстаграм парақшасы арқылы “оралман” сөзін “қандас” сөзімен алмастыруды ұсынды.

“Оралман” сөзін “қандас” деген сөзге ауыстырсақ, қарым-қатынасымыз жөнделер ме екен? Жалпы “Мен осы жерде тудым, менің құқығым артық” деп шетел азаматтарына асқындық көрсетудің қажеті жоқ. Достықтан ешкімнің іші кеуіп кеткен жоқ”, – дейді Есболат Беделхан.

Әншінің сөзін желі қолданушылары да қолдай түсті. Олар Сәкеннің осы тақырыпқа қатысты айтқан пікірін мысалға келтірді.  “Бұл сөз менің де жаныма батады. Әсіресе, ағайынды Беделхановтарға осылай айтылған кезде. Әдетте бұл сөзді адамның көңілін түсіру үшін айтады. Себебі, олар сіздердің өте талантты әрі қайталанбас тұлға екендеріңізді жақсы біледі. Мұндай адамдардың сана-сезімі төмен деп ойлаймын. Кім, не десе де, біз сіздерді бала күнімізден жақсы көреміз”,

“Сәкен ағамыз айтпақшы, қандас сөзі әлдеқайда мәдениеттірек естіледі”, “Шетелде жүрген бауырларымызды қайтарғымыз келеді. Бірақ оларға тиесілі құжаттарын бермей жатыр. Мұны билік басындағыларға айту керек. Қаншама оралман Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр. Азаматтықтың өзін алу үшін Қазақстан мен шетелдің арасында шапқылап жүруге мәжбүр” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа ұйымдастырған байқауда астаналық ару жеңіске жетті (фото)

Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар