Ертіс өзеніндегі жарылыс көп қабатты тұрғын үйлерге зақым келтірді (видео)

Семейде Ертістің мұзын жарамыз деп ТЖД орнатқан үш мың тонналық зат жарылып, көп қабатты тұрғын үйлердің терезелері сынды. Бейресми ақпаратқа сәйкес зардап шеккен адам да бар. Семейді тасқыннан қолдан жасалған жарылыста құтқара алмады. Ертістің суы бүгін тағы екі ауданға жайылды.

Ертістің суы жан-жаққа жайылып кетпес үшін жүргізіліп жатқан мұз жару жұмыстары сол маңдағы тұрғындардың зәресін алды. Толқынның қатты болғаны соншалық тіпті сол маңдағы үш бірдей тоғыз қабатты үйдің терезелері бірінен соң бірі сынған. Қазірдің өзінде мұз жару кезінде бір адамның зардап алды деген бейресми ақпарат та бар.

Арнасынан асып жатқан өзендегі мұз жару жұмыстарының жүргізіліп жатқанынан тұрғындар құлақтандырылмаған болуы мүмкін. Дүмпулерді сезген халық хабардар болғанда үйді уақытша босататын едік дейді. Ал көктем келсе жандарын шүберекке түйіп, құжаттарын оңай жерге қоюға дағдыланған арал тұрғындары дабыл дауысын естісек есікке тұра ұмтыламыз дейді. Жылда қайталанатын көрініске көз үйренсе де, көңіл тыныш емес. Себебі қауіпсіз жерде жатсақ та, үй – жайды ойлап мазамыз қашады дейді.

“Үйіміз судың ортасында тұр. Видеодан көрдік. Ішіне су кірген, гаражымыз бәрі. Білмеймін енді алдыда не болады, қандай көмек? Менің енді бес балам бар. Бес баламмен мында бір нөмерде жатырмыз осында кеше әкеп тастаған”, – дейді тұрғын Қырлығаш Ақабаева.

Қонақ үйге көшірілген тұрғындар таң сәріден үйлерін бақылап қайтуға бара алмай жүр. Аралға апарар жолды торуылдаған полицейлер ешкімді өткізбек емес. Соның кесірінен тіпті кейбірі баспанасына судың кірген кірмегенін де білмейді. Ал Семейліктерді сергелдеңге салып қойған судың келуін қала басшысы қолдан жасалынған дүние дейді.

“Бүгінгі болып жатқан нәрсе Семейде ол табиғат емес, қолдан ол өзі қолдан жасалған нәрсе.  Алдында беріп отырған 500-600-650 куба метр берілген су, мына аяқ астынан 27-28-ші наурызда үш есе суды көбейтіп жіберді. 1800 болды барлығы. Сол су артық су бүгін бізге Семейге келіп,  Семейдің тұрғындарын әуреге салып жатыр”, – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Әуреге салғаны былай тұрсын, бүгін Семейдің тағы бірнеше ауданын су басты. Ал әзірге мұз жару жұмыстарнының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айылған!

Тағы оқыңыз:

Таразда ұстазы 3-ші сынып оқушысына азғындық жасаған күдіктіні ұстап берді

22 жастағы павлодарлық келіншек күйеуімен болған кикілжіңнен кейін терезеден секіріп кеткен

Оралда ер адамның басына мұз құлап, есін жимастан қаза тапты

Қызылорда облысында 26 жастағы жігіт ұйықтап жатқан анасын балғамен ұрып өлтірді

ОҚО-да студенттер мектеп ауласында алаңсыз тұрған оқушыларды пышақтап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар