Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдардың үйлену тойы Таразда дүркіреп өтті (фото,видео)

Ән әлемінде Қайраттың әр қадамын жіті қадағалап, сахнадағы қылықтарын айна-қатесіз қайталайтын Ернар Айдар бұл жолы Нұртастың ұлының өмірлік ұстанымын да жадында сақтап алған. Иә, Ернар отбасын құрғанымен, жұбайы жайлы жан баласына жақ ашпауды жөн көрген. Алайда,  Stan.kz тілшісі әншінің туған жері Таразда өткен дүбірлі тойдың экслюзивті видео-материалдарын назарларыңызға ұсынады.

той4

«Жанұялы болсам, жанкүйерлерім азаяды», – деді ме, әйтеуір Ернар өнер өлкесіндегі әріптестеріне отағасы атанғаны туралы тыңдармандарына тіс жармауды өтінген.

ернар мадина той 2908

Онерде журген ага апкелер,Ернарды тойымен куттыктап келип отыр!#казактынтойыбитпесин

Публикация от Бабакулова Фариза (@beknur.alinur)

Алайда, әр қадамын әлеуметтік желіде жария қылуды әдетке айналдырған әншілер қауымы, бұл жағымды жаңалықты түрлі тәсілдер арқылы өз оқырмандарына хабарлап әлек. Мәселен, Нұржан Керменбаев соңғы постында Тараз қаласындағы тойда жүргенін айтып, жұмбақ жасырған.

«Бүгін Тараз қаласында тойдамыз. Бұл сіздерге подсказка. Ал, кімнің тойындамыз? Өзі айтпасын деп, инстаграмға салмасын деп өтініш айтқан еді. Біз уәдемізде тұрайық дедік. Мен айтып жатқан жоқпын, сіздер пікір жазыңыздар. Сіздер білесіздер оны, мен білемін… » – деп видео-жазба жолдаған Қапқарашка, той үстінде оқырмандарына арнайы сауалнама жүргізіп үлгерген.

Сонымен кімнің тойындамыз?❤️‍♂️✌ #ҚараБала #Той #Тараз

Публикация от Керменбаев Нұржан Болатбекұлы (@nurzhan_kermenbayev)

той3

 

Ернардың қуанышына ортақтасып келген танымалдар тізімінде Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Нұрлан Еспанов, Нұртас Айдарбеков, Бауыржан Есебаев, Абай Бегей, Асхат Тарғынов, Өмірқұл Айниязов, Айкерім Қалаубаева, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов сынды өнер жұлдыздары  бар.

той

Ернардың жұрттан жасырған жұбайы өзінің жанкүйері болып шықты. Екі жастың таныстығы әншінің концерттерінің бірінде бастау алған деседі.

ер2

ерМәдина есімді қалыңдық Шымкент шаhарының тумасы.

Торегали Тореали 28.08.2017#ернарайдар

Публикация от Бабакулова Фариза (@beknur.alinur)

Естеріңізге сала кетсек, Ернар Айдардың шаңырақ көтеретіні туралы алғаш рет, Абай Бегей инстаграм парақшасы арқылы дүйім жұрттан сүйінші сұраған болатын.

ЕРНАР АЙДАРДЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

Публикация от Жұлдыздар жайлы жаңалықтар (@zhuldizdareli)

21224734_125406591434704_8722404281195429888_n

Бұған дейін Ернардың жасырын түрде үйленіп алғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиаев Ninety one әншісінің ата-анасына жауап берді

Махаббат деп осыны айт: Ақбота Керімбекованың жүрегін жаулау үшін күйеуі 10 жыл дайындалған (фото)

Шахизада: Ақбота сияқты үшінші рет тұрмыс құрсам, бақытты болатын шығармын (видео)

Өзбек емеспін: Сиви Махмұди ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Талқылау