Махаббат деп осыны айт: Ақбота Керімбекованың жүрегін жаулау үшін күйеуі 10 жыл дайындалған (фото)

Ашық аспан астында дүркіретіп той жасаған Ақбота Керімбекова мен жары Рауанның ең алғашқы таныстығы жайлы тың ақпарат күні кеше той үстінде айтылды. Жас жұбайлардың жанұялы болуына сазгер Ербол Спаналиев себепкер болған көрінеді, деп жазады тойдың куәсі болған Stan.kz тілшісі.

20969213_990534967754667_7193661765115183104_n

«Осыдан 10 жыл бұрын маған Рауан қоңырау шалып, менен Ақботаның телефон нөмерін сұрады. Соған қарағанда ұнатып қалған сынды. Мен Ақботаның ер мінезді екенін білемін ғой. Сен әлі кішкентайсың, кішкене физикалық тұрғыда дайындал», – деп сазгер жүрегі жаралы жігіттің бетін қайтарып тастағанын айтады.

21107121_172419336661122_2954690332870049792_n

Суретте той қонақтары. Ортада Ақбота мен Рауанның танысуына себепші болған сазгер Ербол Спаналиев

Алайда, Ақботаға ессіз ғашық болған Рауан айтқанынан қайтпаған. Араға бірнеше жыл салып сазгердің студиясына қайта барады.

«Сөйтіп екі жылдан кейін қайта келіп тұр. Сол әдетіне басып, тағы да Ақботаның телефон нөмерін сұрады. Бірақ, нәтиже бар! Дене-бітімі толысқан, спортпен шұғылданғаны көрініп-ақ тұр. Содан кейін бердім», – деген композитор Керімбекованың жаңа күйеуінің көпшілік біле бермейтін қызықтарын жайып салды.

b0883079-4951-4ecd-a6a4-01c935c466b5

Алайда, асабаның алаңында ақ тілегін ақтарып тұрып, жас жұбайлардың махаббат хикаясын баяндаған сазгердің сөзі отандық шоу-бизнестегі бойдақ бикештердің құлағына майдай жақса керек…

«Ерлан, біздің де телефон нөмірімізді сұраған жігіттер жоқ па? Сенде нөмерім бар ғой» – деп актриса Қарагөз Тілеубекова келген қонақтарды қыран-топан күлкіге қарық қылды.

21042566_495137417520399_662619939449864192_n

Еске сала кетейік, күні кеше Ақбота Керімбекова мен оның жары Рауанның тойы Алматыда өткен болатын.

7b1880a9-c2a8-4dd1-a833-e86bca0eca43

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Шахизада: Ақбота сияқты үшінші рет тұрмыс құрсам, бақытты болатын шығармын (видео)

Ернар Айдар елден жасырын түрде үйленіп алды

Ақбота Керімбекова ата-енесімен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Өзбек емеспін: Сиви Махмұди ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Мейрамбек Бесбаев қандай бағдарламаның тізгінін ұстады? (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар